Тіл Таңдау
ҚОСЫЛЫНЫЗДАР:

БІЗ ТУРАЛЫ


  • An image of the Empire State Building in New York

Біз Жаратушы жайында айтамыз! MOST қызметі, Орта Азиядағы халықтарға арналған Киелі кітапқа негізделіп дайындалған әр түрлі тақырыптардағы радио бағдарламаларды ұсынады. MOST қызметі, сізге өз ана тіліңізде, кез-келген жерде, кез-келген уақытта Киелі кітапқа негізделген радио бағдарламаларды ғаламтор, радио және смартфон арқылы тыңдау мүмкіндігін жаратты.

Біздің мақсатымыз – Орта Азиядағы халықтарға Үміт туралы Ізгі хабарды жеткізу, яғни Иеміздің аманат етіп қалдырған Ұлы Тапсырмасын орындау. Өміріңізде қандай жағдай орын алмасын, үмітіңіз үзілмесін! Үміт – жер бетіндегі өмірімізде алға жылжуға, болашаққа қадам жасауға көмектесетін жалғыз нәрсе. Отбасындағы қарым-қатынасыңысыз тығырыққа тіреліп, ажырасудан басқа жолды көрмесеңіз, біліңіз – бақытты отбасы болуға ҮМІТ бар! Жан күйзелісіне тап болып, түңілуден азат бола алмай жаныңыз қиналып, өз өміріңізбен қош айтысудан басқа жол жоқ деген шешімге келсеңіз, біліп қойыңыз – қуанышқа толы, бақытты өмір сүруге ҮМІТ бар! Ішімдік пен нашақорлық тәуелділігінен азат бола алмай қиналсаңыз, біліңіз – салауатты өмір сүруге ҮМІТ бар! Біздің үмітіміз – Иса Мәсіх!